ШЫМКЕНТ: әрбір мектептегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда

0
348


ШЫМКЕНТ: әрбір мектептегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мұхит Абуталипұлы сала бойынша БАҚ өкілдеріне атқарынлған шаруалар мен алдағы жоспарларды баяндап берді.

Спикердің айтуынша, оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген. Аталған меморандум аясында жыл соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, әрбір мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған.

Қосымша ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылды. Сонымен қатар талдау нәтижесі бойынша мобильді байланыс операторларымен бірлесе интернет сапасы төмен 42 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 30 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілген.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны (техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз, кеңсе тауарлары) жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылуда.
Сондай-ақ, «Shymkent IT HUB» - білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі. HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған.

Алдағы уақытта «Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 жартыжылдық қорытындысымен Меморандум жасалынып, ресми ашылу жоспарлануда.

109 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бері қала өмірінің барлық салалары бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, ситуациялық орталықтың бағдарламалық қамтылуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
• Басшылар рейтингі модулі;
Топ 10 аудан бөлінісіндегі өтініштер модулі;
• Топ 10 көрсетілетін қызметтердің модулі;
• Топ 5 қызметтер санаты;
• Топ 5 ұйымдардың мерзімі өткен;
• Қызметтер бөлінісіндегі өтініштер статистикасын бақылау;
• Өтініштердің түсу статистикасы;
• Орындаушылар бойынша өтініштердің мәртебесі.
Сонымен қатар қазіргі таңда, Басқарма мен компания арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, жүйеде аналитикалық талдау жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу