Бұл салада 1197 жұмысшы қызмет етеді.
Шымкентте қыс мезгіліне авариялық-құтқару және қалалық жол қызметі техникаларының дайындығы пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, 2019 жылы қала тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынған. Осыған байланысты қаланың қысқы маусымға дайындығы тағы бір пысықталып, арнайы жол техникасы тексерілді. Сондай-ақ, аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов келіп, жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты.
Шымкентте қазіргі таңда тазалық жұмыстарымен айналысатын 4 мекеме бар екен. Олар – “ЛТД Тұрмыс”, “Югдорсервис”, “Бəйтерек ЛБ” жəне “Нұртас сервис” компаниялары. Ал, техникалардың жалпы саны – 151. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Тиісінше, 1197 жауапты мамандар осы техникалардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 1292 шақырымдық 225 көшені тазалайды.