ШЫМКЕНТ: Әскерге шақырылушылар ант қабылдады

0
494

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.


ШЫМКЕНТ: Әскерге шақырылушылар ант қабылдады

Шымкент қаласында әскерге шақырылушылар Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы көктемде Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан Қарулы Күштер қатарына шақырылған 120-дан астам жас сарбаз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында әскери ант қабылдады. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Сафонов және Шымкент қаласы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев қатысты.
Ант беріп, салтанатты шерумен өткен жас сарбаздар қару-жарақпен саптық, армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін орындады, көрсетілім дефилесін жасады. Осының бәрін олар өткен бір айлық алғашқы әскери дайындық курсында үйренді.
- Отанға адал болуға ант берген күн өмірде жалғыз болады. Біз өзіміздің барлық іс-әрекеттерімізді және командирлеріміздің бұйрықтарын анық және сенімді орындауға тырыстық. Әскери анттың мәтінінде аз ғана сөз бар, бірақ оның терең мағынасы бар, – деп бөлісті Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Аңсар Берікбол.
Ант қабылдаған жас сарбаздар алдағы уақытта мамандық бойынша дайындық курсынан, штаттық қаруды, әскери және арнайы техниканы теориялық және практикалық зерделеуден өтеді.