​ШЫМКЕНТ: Атауы жоқ көшелерге 2022 жылға дейін 100 пайыз атау беріледі

0
1 189

Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған.


​ШЫМКЕНТ: Атауы жоқ көшелерге 2022 жылға дейін 100 пайыз атау беріледі

Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту масатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда 2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаны іске асыру барысында қаланың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру үшін басқа өңір мекемелерімен ынтымақтастық меморандумдарын түзу қолға алынған. Бұл тұрғыда 2021 жылы «Түркі әлемінің Ұлттық Дельфий ойындары» өткізіледі деп күтілуде.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мамандарының айтуынша, тұжымыдаманың іске асуы нәтижесінде тұрғындардың мәдени іс-шараларға қатысуы 30%-ға артып, музейлер саны үшке, концерттік ұйымдар саны екіге, мәдениет сарайларының саны 12-ге дейін артады.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың қол жетімділігі қамтамасыз етілген мәдениет нысандарының үлесі мен тұрғындардың мәдениет инфрақұрылымдарына қолжетімділігін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан өзге, тіл мәселесінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін – 94,3%, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін – 87,8%, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін – 24,4% арттыру көзделген.

Бұл тұжырымдамада қала тұрғындарының мәдени-тарихи, көркемдік-эстетикалық, рухани құндылықтарын жетілдірудегі негізгі бағыттар көрсетілген.