ШЫМКЕНТ: Бадам өзенінің бойын абаттандырудың екінші кезеңі жүргізіліп жатыр

0
473

Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді.


ШЫМКЕНТ: Бадам өзенінің бойын абаттандырудың екінші кезеңі жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнай зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілуде.
Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді. 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда.
2021 жылға дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған. 12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, жаяу жүргіншілер көпірі мен 2 бөгет салынып, 24 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған.
Қазір жаяу жүргіншілер жолы мен айналаны шолу көпірін салу, жағалауды бетондау және 4,8 шақырым аумақты абаттандандыру жұмысы атқарылуда. Нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.