Мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын, яғни өлі аймақтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізді.
иллюстрациялық фото
Шымкентте байланыс антенналарын орнататын 11 жер телімі анықталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев шаһарды цифрландыру бойынша өткен жиналыста қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әкімнің тапсырмасына сәйкес қалалық жер қатынастары басқармасы байланыс антенналарын орнату үшін 11 жер телімін бөліп, оларды заңдастыру туралы қаулы шығарды.
А.Сәттібаевтың айтуынша, байланыс антеннасын орнатуды инвестор өз есебінен жүргізеді. Одан әрі ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын осы құрылғыға жалғайды.
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тиесілі жарықтандыру бағандарына мобильді операторлардың базалық станцияларын инвестор орнататын неғұрлым тұрақты бағандарға ауыстыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, жүк көтергіштігі 1.5 - 2 тонна болады. Біреуінің құны шамамен 2 – 2,7 млн. теңгені құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы жасалды», - деді әкім орынбасары.
Сондай-ақ, мобильді интернет пен байланыстың сапасын жақсарту шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері Шымкентте ұялы байланыстың нашар аймақтарын, яғни өлі аймақтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар, осы жабдықты орнату үшін 43 мекенжай көрсетілген жол картасы дайындалды.
Айта кету керек, бұл учаскелер ұялы байланыс операторларының статистикасы мен қала құрылысының ерекшеліктерін ескерусіз қала көшелеріндегі драйв-тест нәтижелері бойынша анықталған.
Бұдан басқа, зерттеу жүргізу және базалық станцияларды орнату мақсатында арнайы топ құрылды. Топ жұмысына цифрландыру басқармасының, жер қатынастары басқармасының өкілдері, сондай-ақ 43 жер учаскесінің әрқайсысынан байланыс операторларының мамандары тартылды.
Сала мамандардың мәліметінше, көптеген проблемалар үй-жайлардың ішінде қызметтерді пайдалану кезінде, тұрғын үй кешендеріне тікелей жақын жерде базалық станциялар болмаған кезде туындайтынын айтуда.
Атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған қала басшысы жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.