ШЫМКЕНТ: Бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

0
884

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет.


ШЫМКЕНТ: Бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу керектігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.
«Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ жақында бізде экстерриторриялды қағидат енгізілді. Баланың туылуына байланысты жәремақыны енді тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», - деді Алтынай Татаева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.