ШЫМКЕНТ: Базарларды модернизациядан өткізу мәселесі қаралды

0
901

Сауда базарларының қызметін ынталандыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды.


ШЫМКЕНТ: Базарларды модернизациядан өткізу мәселесі қаралды
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаевтің төрағалығымен сауда базарларының қызметін реттеу бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиынға қала прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалиев, сауда орындарының басшылары мемлекеттік кірістер департаменті, монополияларды реттеу департаменті, кәсіпкерлер палатасы және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелері тарапынан сауда базарларының қызметін ынталандыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды.
Базарлардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін біріңғай цифрлық платформа құру, санитарлық талаптардың сақталуын, сауда базарларының модернизациядан өтуі туралы ұсыныстар тыңдалды.
Жиын соңында әкім орынбасары салалық басқарма өкілдеріне осы бағытты жандандыру үшін тиісті тапсырмалар берілді.