ШЫМКЕНТ: биыл жауын суы жиналатын 6 орынның мәселесі шешімін тапты

0
436

Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды.


ШЫМКЕНТ: биыл жауын суы жиналатын 6 орынның мәселесі шешімін тапты

Шымкент қаласындағы жауын-шашыннан болатын орындардың мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде қала аумағында жауын-шашыннан су жиналатын 58 орын бар, оның 9-ы магистралды орталық көшелерде. Биыл осындай 6 қауіпті нүктенің мәселесі шешімін тапты. Ирригацияны жақсартуда атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жауынды күндерде қалада су жиналатын орындардың азайғаны байқалды.

Дегенмен, бұл бағытта атқарылатын жұмыстар әлі қыруар. Ирригациялық жүйелерді жақсарту және су басуды алдын алу шаралары бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында талқыланды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан осы бағытта атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар бекітілді.

Мердігер мекемелердің жауынды-шашынды мезгілдерге дайындығы тиісті басқарманың жіті қадағалауында. Су жиналатын аумақтарға 100-ден аса жұмысшы, 50-ден аса арнайы техника мен 16 мотопомпа жұмылдырылады. Қазіргі таңда су басу қаупі бар орындар бақылауда.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға бір ай ішінде қаладағы қауіпті нүктелерді назарға алып, ирригацияны ретке келтіруде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Арғынбеков, Бәйтереков көшелерінденгі су жиналатын аумаққа қақпақшалар орнатуға 5 күн мерзім бекітті. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмау және жол бойында кептелістерді болдырмау мақсатында су тартатын арнайы техникаларды барынша аз пайдаланып, ирригациялық жүйелер орнатуда тиімді шешімдер қабылдауды ескертті. Бұл ретте мердігерлерді арық-атыздар жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтауға шақырды.
Сонымен қатар магистраль көшелер бойындағы су жиналатын орындарға қатысты тиісті шараларды жедел атқаруды тапсырды.