«SHYMKENT CITY»: Тұрғындар тарапынан дербес шот толығымен ашылғанда ғана газ беріледі

0
1 107

«SHYMKENT CITY» - қала әкімінің бақылауында.


«SHYMKENT CITY»: Тұрғындар тарапынан дербес шот толығымен ашылғанда ғана газ беріледі

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов кезекті рет «Shymkent City» тұрғын алабына барып, коммуналды мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысын бақылады және тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап өтсек, қала басшысы сенбі күні аталған шағынауданның кезек күттірмейтін инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында арнайы барып танысқан болатын.

Тиісінше, тұрғындармен кездесу барысында әкім ондағы мәселе түбегейлі шешімін тапқанша күнара өзі арнайы келіп, жұмыстың барысын бақылайтынын айтты. Сондай-ақ, айтылған сын мен берілген тапсырманың нәтижесінде жауапты сала мамандары екі күнде № 9, 10 үйлерге жылы су, 732 пәтерлі 12 көп қабатты үйге жылу берілді. Қазір мамандар әр пәтерді аралап, жылудың толықтай қосылуын бақылауда.

Сонымен қатар, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС-не тиісті текникалық құжаттар рәсімделуде. Салаға жауапты мамандар аталған құжат дайын болғанда тұрғындар тарапынан дербес шот толығымен ашылу қажет екенін, сонда ғана газ берілетінін жеткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, қала басшысы «Shymkent City» тұрғын алабында салынып жатқан тұрғын үйлер мен мектептің және жылыту қазандығының құрылысын аралап көрді. Құрылысты салушы мердігерлермен кездесуде Ерлан Қуанышұлы құрылыс сапасына баса назар аударып, жұмысты жоспарға сай аяқтау керегін қатаң тапсырды.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі