Шымкент дәрігерлері шеге жұтып қойған төрт айлық сәбиді құтқарып қалды

0
1 433

Сәбиінің шеге жұтқанынан ата-анасы мүлдем бейхабар болған.


Шымкент дәрігерлері шеге жұтып қойған төрт айлық сәбиді құтқарып қалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері ішек жолының тесілу қаупі төнгенін анықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Атап айтсақ, төрт айлық нәрестенің ата-анасы баласын буын ауруы бойынша Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлерге алып келген. Нәтижесінде, дәрігерлер рентген түсірілімі кезінде нәрестенің асқазан тұсындағы темір затты анықтап, ортопед мамандар балаға ішек жолының тесілу қаупі төнгеннен кейін шұғыл түрде ота жасаған.

«Операция кезінде хирургтар лапароскопиялық тәсілмен және электронды оптикалық рентген аппаратымен шегенің орналасқан аумағын айқындап, асқазан тұсындағы бөгде затты хирургиялық жолмен алып шыққан. Жабық түрде жасалған отадан кейін баланың жағдайы жақсарып, балалар ауруханасында бір аптаға жуық ем қабылдап шықты», - деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Айта кетейік, күрделі отаны Шымкент қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері Сұлтанғали Сарыбай, Амантаев Жақсылық және Құрманалиев Асанбай жасаған.