Жоба биылғы жылдың қазан айында басталып, келесі жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Шымкент қаласында Т.Рысқұлов көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық салу мақсатында қызу жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жоба биылғы жылдың қазан айында басталып, келесі жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Жобаның бас мердігері - «Bazis Construction» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Қазіргі уақытта нысанда жасыл желектерді күзеу, қайта отырғызу, газ, су құбырының орларын қазу және жалпы саны 105 темірбетонды қадалар орнын бұрғылау, арматурамен өрілген қаңқалар орнату және бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темірбетонды қадаларды салудағы мақсат, Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден топыраққа түсетін жүктемелерді ұстау болып табылады. Жобаға сәйкес Д. Қонаев даңғылы бойында ұзындығы 540 м құрайтын тоннель салынатын болады.