Әлеуметтік жоба аясындағы балалар үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи ойын алаңдары
Шымкент қаласының аудан аумақтарында балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сай атқарылуда.
Қазіргі таңда Абай ауданының «Достық» және «Нұршуақ» шағынауданында жаңа балалар ойын алаңшаларының құрылысы басталды. Аталған жоба екі мердігер мекеме – «Агат-7» және «Бадам Кум LTD» тарапынан жүзеге асырылады.
Айта кетсек, аудан аумағында биыл балалалар ойын алаңшалары Көкбұлақ, Бозарық, Асар-2, Қайнарбұлақ, Самал-3 шағынаудандарында және басқа да тұрғын алаптарда орнатылады. Әлеуметтік жоба аясында балалар үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи ойын алаңдары салынып, бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.