ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов «Тұранның» мәселелерін қашан шешетінін айтты

0
841

Қала басшысы шалғай аудандардың қордаланған мәселелерін өз көзімен көріп, оларды шешу жұмыстарын жалғастыруда.


ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов «Тұранның» мәселелерін қашан шешетінін айтты

Шымкент қаласының әкімі әлеуметтік желідегі өзінің жеке аккаунтына қала тұрғындарынан түскен мәселелер бойынша «Тұран» шағын ауданына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған іссапар барсыныда қала басшысы тұрғындар мәселелерінің барлығын дерлік тыңдап, өз көзімен көрді. Сонымен қатар, мәселер рет-ретімен шешілетінін айтқан Ерлан Қуанышұлы ең алдымен ауыз су мен жол салу мәселесін қарап, келесі жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, түбегейлі шешетіндігін жеткізді.

«Көтеріліп отырған проблеманың барлығы халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Алдымыз қыс екенін ескере отырып, оқушылардың мектепке барып-келуін арнайы қоғамдық көліктермен реттеуіміз қажет. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін қажетті газ, су құбыры тартылып, электр энергиясы жеткізілген соң ғана жер беріліп, тұрғын үй салыну қажет», - деді Е.Айтаханов.


Сонымен қатар, аралау қорытындысы бойынша шаһар басшысы тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне жұмысты жүйелі жүргізуді нақтылап тапсырды.


Айта кетейік, жалпы 8 мыңнан астам адам тұратын «Тұран» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлерге мемлекеттік ауыз су, табиғи газ, электр жарығы жүргізілмеген. Оған қоса аталмыш ауданда жол құрылысы мен қоғамдық көлік те маңызды мәселеге айналған.