Жыл соңына дейін сапалы ауыз су мәселесі толық шешімін табады.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданына жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас елдімекендеріне су құбырлары тартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Исфиджаб» тұрғын алабын ауызсумен қамтитын компания анықталуда.
Айта кетейік, аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігіне бүгінде инженерлік жүйелер тартылған. Жергілікті халықтың 94,5%-ы ауыз сумен, 98,3%-ы электр жарығымен, 90,7%-ы табиғи газбен қамтылған.
Аудандағы өзекті мәселенің бірі - кәріз жүйесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ұлағат шағынауданында басталған кәріз құрылысы жыл соңына дейін аяқталап, жүйелер толық іске қосылады. Жұлдыз тұрғын алабындағы 27 көпқабатты тұрғын үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары да өндірістік кестеге сай жүргізілуде. Жоспарға сәйкес мамыр айында пәтерлерді абоненттеу жұмыстары басталады.
Кездесу барысында аудан әкімдері мен сала басшылары азаматтар тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап берді. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халықтың талап-тілектерін дер кезінде орындап, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.