Жалпы ұзындығы 2000 метр көше және балалар ойын алаңшасы жарықтандырылды.
Шымкент қаласы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтар болсақ, Еңбекші ауданының тұрғындары бірнеше елдімекендегі көшелерді жарықтандыруды сұраған болатын.
Қала әкімінің тапсырмасымен тиісті басқармалар мен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар атқарылып, тұрғындардың талап-тілегі орындалды. Нақытырақ айтсақ, Мұнайбарлаушылар көшесін жарықтандыру 2022 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, жалпы ұзындығы 2000 метр көше және балалар ойын алаңшасы жарықтандырылды.
Сонымен қоса, Маятас тұрғын алабындағы Көзді ата көшесінде 300 метр жолдың бойына, Жарлыкөл көшесінде 2 шақырымға жуық жолдың бойына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесін жарықтандыру жұмыс жоспарына енгізіліп, құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2023 жылдың наурыз айына дейін атқарылады деп жоспарлануда.