Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасына 79 жыл

0
512

​Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты сап түзеуге бөлім ардагерлері мен офицерлер, сержанттар, мерзімді қызметтегі сарбаздар жиналды.


Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасына 79 жыл

Биыл Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының құрылғанына 79 жыл толды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты сап түзеуге бөлім ардагерлері мен офицерлер, сержанттар, мерзімді қызметтегі сарбаздар жиналды.
Жалпы Бөлімнің тарихы 1942 жылы құрылған 619-шы атқыштар полкінен бастау алады. Соғыс жылдарында полк II дәрежелі Богдан Хмельницкий және III дәрежелі Кутузов ордендерімен марапатталды.
Бүгінгі бейбіт күндері де әскери бөлім өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда. Бөлім жеке құрамды даярлау және техникалық жарақтандыру деңгейі де өзгелерге үлгі болып жүр. Сондай-ақ, артиллерия мен танкіні меңгеруде республикалық және халықаралық деңгейдегі әскери жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
- Менің ойымша, біздің бөліміміз жауынгерлік даярлық сабақтары бойынша алдағы уақытта да алдыңғы орындарды иеленіп, жоғары нәтижелер көрсететін болады. Бөлім басшылығының және өз атымнан, жеке құрамды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт, денсаулық және бөліміміздің жауынгерлік міндеттерін табысты орындауыма тілектеспін, - деді бөлім командирі подполковник Нүркен Қарағұлов.
Салтанатты іс-шара соңында бригаданың жеке құрамы жүктелген міндеттерді орындау кезінде көрсеткен еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі үшін көзге түскен әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар алғыс хаттармен марапатталды.