ШЫМКЕНТ: Ғабидолла Әбдірахымов жалған ақпаратпен даурықтырмауға шақырды

0
2 240

Ғабидолла Әбдірахымов сын сағатта халыққа жалған ақпарат таратып, әлекке салмауға шақырды.


ШЫМКЕНТ: Ғабидолла Әбдірахымов жалған ақпаратпен даурықтырмауға шақырды

Үшінші мегаполисте осы сағаттарда тіркелген мәліметтер бойынша Арыста орын алған төтенше жағдайлардан зардап шеккен 47 адам қалалық, ал 70 адам облыстық ауруханада жатыр. Оның ішінде 43 бала бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Бұл - өте ауыр жағдай. Ел басшыларынан бастап барлық қазақстандықтар қолдан келген көмек көрсетуде. Арыстың тұрғындарына азық-түлік, ас-ауқат, гигиеналық заттар, қаржылай жәрдем беріп отырмыз" - деді қала әкімі.

Ғабидолла Әбдірахымов бұған қоса сын сағатта халыққа жалған ақпарат таратып, әлекке салмауға шақырды. Әкім әлеуметтік желілер мен мессенждерлерде таралған "10 балдық жер сілкінісі болады", "Көрме орталығындағы гуманитарлық көмектер тоналып жатыр" деген сияқты алып-қашпа әңгіме таратушылардың әрекетін сынап, халықты дүрлікпеуге шақырды.

Дереккөз: Шымкент келбеті