Заңсыз есептеулер үшін аталмыш мекеме әкімшілігі тұрғындардан кешірім сұрайды.
ERNUR.KZ. Шымкентте көпқабатты үйлерге сервистік қызмет көрсететін компанияға тұрғындар тарапынан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке келіп түскен көптеген шағымдар қаралды.
Әкімдік көпқабатты үйлерге сервистік қызмет көрсететін компания жұмысына бақылау жүргізіп, бірыңғай төлем құжатында «Ай Шаңырақ» ЖШС билингтік компаниясы тарапынан заңбұзушылық болғандығын анықтады.
Осыған байланысты қала әкімі Ғ.Сыздықбеков басқарушы компаниялардың қызметін қоса алғанда, сервистік қызметтерге арналған барлық жасалған шарттар бойынша аудан әкімдіктерімен бірге салыстыру жүргізіп, қайта қаржыландыруды қолға алуды тиісті мамандарға тапсырды.
Есептеу жұмысындағы заңсыз есептеулер үшін аталмыш мекеме әкімшілігі тұрғындардан кешірім сұрайды.
Айта кетейік, қызмет көрсету шарттарын салыстыру жұмысына үй комитеттерінің төрағалары, мүлік иелері бірлестігінің төрағалары, қарапайым серіктестердің өкілдері және тұрғын үйлерді басқарудың басқа да басқару өкілдері жұмылдырылатын болады.