Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Жанат Өтебаева қайтарымсыз грант туралы кеңінен айтып өтті.
Спикер айтқандай, қайтарымсыз грант қаржысы азаматтарға бір рет ғана беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс.
Қайтарымсыз грант 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).
Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарамды.
Екіншіден – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.
Өтінім беру үшін:
1) порталға тіркелу керек,
2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді);
3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет;
4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 20 мамырынан қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды. Өтінім қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады. Халық арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады.
Грантқа өтінім беру үшін төмендегі санат қатарында болуы қажет. Олар:
–атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар;
–көп балалы отбасылар. Оның ішінде балалардың ең үлкені
23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік
колледжд студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасы;
–асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін
әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
– қоныс аударушылар;
–қандастар;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
–мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар.