ШЫМКЕНТ: Инвестициялық штабта 11 жоба қаралды

0
357

Қала басшысы әрбір жобамен жеке танысып, ондағы проблемаларды шешу бойынша сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.


ШЫМКЕНТ: Инвестициялық штабта 11 жоба қаралды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 11 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобалардың төртеуі 2022-2023 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда тыңайтқыш өндірісі, қайта өңделген материалдардан полипропилен түйіршіктерін өндіру ісі, ылғал майлықтар шығару және тұрмыстық техника өндірісі.
Ал, жылына 20 мың тонна алюминий қорытпалары мен бағаналар шығаратын зауытқа, темір-бетон бұйымдарын, газоблокты және тротуарға төсейтін тастарды өндіру жобасына «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін беру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Қалған 4 жоба жекеменшік мектеп құрылысы. Оның ішінде 1200 орындық мектеп-интернат жобасы бар. Бұдан бөлек, скейт-парк құрылысы бойынша жер мәселесі қаралды.
Қала басшысы әрбір жобамен жеке танысып, ондағы проблемаларды шешу бойынша сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Штаб отырысында әр ауданның 2022 жылы 40 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Әкім аудан әкімдері мен басқарма басшыларына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастыруды айтты.