ШЫМКЕНТ: Инвесторлардың өзекті мәселелері талқыланды

0
552

Қала әкімі инвесторларды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Инвесторлардың өзекті мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған жиында ауылшарушылығы, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба талқыланды.
Инвесторлар синтетикалық тоқыма және мата өнімдері мен пластикалық ыдыстар шығару, сүт, талқан өнімдерін өндіру, ауылшаруашылығы тауарларын сақтауға қатысты жобаларын ұсынды.
Сонымен қатар бизнес өкілдері жер телімін бөлу, жол, инфрақұрылым қажеттіліктері бойынша ұсыныстарын білдірді.
Кәсіпкерлердің талап-тілектерін назарға алған М.Дүйсенбекұлы инвесторларды жан-жақты қолдауға дайын екенін және туындаған өзекті мәселелер бойынша шұғыл шаралар қабылданатынын жеткізді.
Сондай-ақ тиісті сала басшыларына қаладағы индустриалды аймақтарды кеңейту, инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады. 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.