ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елдімекенінде электр бағаналары орнатылып жатыр

0
738

Нысан құрылысы 2022 жылдың II тоқсанында толығымен аяқталады.


ШЫМКЕНТ: Қайнарбұлақ елдімекенінде электр бағаналары орнатылып жатыр

Шымкент қаласын 2023 жылға дейінгі кешенді дамыту жоспарына сәйкес Қайнарбұлақ елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба құны – 2,195 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан электр бағаналарын орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Нысан құрылысы 2022 жылдың II тоқсанында толығымен аяқталып, Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Сонымен бірге, аталған елдімекенді табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.