ШЫМКЕНТ: Қақаған қыста баспанасыз қалған көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

0
636

Көпбалалы отбасы тұрып жатқан жалдамалы пәтерден өрт шықан.


ШЫМКЕНТ: Қақаған қыста баспанасыз қалған көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
Шымкентте қақаған қыста баспанасыз қалған көбалалы отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көпбалалы ана осыған дейін 6 баласымен Қайнарбұлақ саяжайында пәтер жалдап тұрған. Балаларының ешқайсысы кәмелеттік жасқа толмаған, оның біреуі ерекше күтімде. Алайда, сол жалдамалы пәтерден өрт шығып, көпбалалы ана балаларымен бірге далада қалған. Тіпті мынадай қақаған суықта киім-кешексіз қалған көрінеді. Осыдан кейін шарасыз қалған ананың көршісі дабыл қағып, халықтан көмек сұраған видеосы тарады.

Арада көп ұзамай, қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен, көпбалалы отбасы демеушілерлің есебінен уақытша үйге орналастырылды.

"Қазір жағдайымыз жақсы. Жылы жерге орналастық. Бәріңізге рахмет, Алла разы болсын сіздерге!", - дейді көпбалалы ана.

Айта кетейік, “Аманат” партиясы мен Шымкент қаласы қоғамдық кеңес тарапынан алғашқы көмек ретінде азық-түлікке, уақытша мекен жайдың ақшасы сынды қаржылай жәрдем берілді. Сонымен қоса, ауыл тұрғындары тарапынан да қор ашылып, қаржылай жәрдем көрсетілуде.