Қазір мұнда құрылыс қарқын алған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Адырбеков көшесін жөндеу жұмысының барысын көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды.
Сонымен қоса, Ғани Іляев көшесіндегі орташа жөндеу құрылыс жұмыстарының барысында кең жаяу жүргіншілер, веложолдар пайда болып, ирригациялық жүйелер де ретке келтірілмек. Құрылысы былтыр қыркүйекте бастауын алған нысан ағымдағы жылы тамызда пайдалануға берілмек. Жолдың құрылысына бюджеттен – 512 млн. теңге бөлінген.
Шаһардың негізгі көшелерінің бірі саналатын Ғани Іляев көшесінде орта жөндеу жұмыстары қарқын алған. Мердігер компания құрылысты былтыр қыркүйек айында бастап, жылдың соңына дейін Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жұмыс жүргізді. Биыл сәуір айынан бастап Бейбітшілік көшесіне дейінгІ аумақта құрылыс жүруде.