​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

0
670

Қазір жертөледегі элеватор торабына дейін 65-70 градус жылу берілуде.


​ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Гагарин көшесіндегі №34, №137 көпқабатты тұрғын үйлерге барып, орталықтандырылған жылу жүйесін тексерді.

Қазір жертөледегі элеватор торабына дейін 65-70 градус жылу берілуде. Тексеріс барысында көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жүйелеріндегі құбырлардың жарамсыз екендігі анықталды. Бұл пәтерлерді сапалы жылумен қамтуға кедергісін тигізуде.

Жалпы, «Қуатжылуорталық-3» мекемесі жылуды көпқабатты тұрғын үйдің торабына дейін жеткізуге жауапты. Ал, ішкі коммуникациялар тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады.
Қала әкімі жауаптыларға ескірген пәтерішілік жылыту қондырғыларын өз есептерінен ауыстыру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативінің орнына коммуналдық мемлекеттік мекемесін құруды қарастыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.