ШЫМКЕНТ: қала әкімі қосымша оқу корпустарының құрылысын аралады

0
461

Жауапты мердігер басшысы қателікті тез арада ретке келтіретінін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі қосымша оқу корпустарының құрылысын аралады

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қосымша оқу корпустарының құрылысын аралап, құрылыс жұмысын бақылау барысында сапасын қатты сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең алдымен, Сайрам тұрғын алабындағы № 12 спорт мектебінің қосымша корпусымен танысты. Нысан екі ауысымда жұмыс істейді. Әр ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады.

Жобаға сәйкес ғимараттың жертөлесінде пауерлифтинг, ауыр атлетика оқу-жаттығу залдары, киім ауыстыру, жуынатын орын, бапкерлер мен төрешілер бөлмелері қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, киім бөлмесі, 18 орындық асхана, 210 орындық әмбебап спортзал, медпункт болады. Ал екінші қабатында демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасады. Қазіргі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 72% орындалған. Құрылыс келесі жылға өтпелі.
Сондай-ақ қала басшысы аталған тұрғын алаптағы № 10 колледждегі құрылыс жұмысын бақылады. Мұнда 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Корпуста 200 орындық асхана мен АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайыз орындалған. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі.
Аталған колледждің құрылыс жұмысын бақылау барысында Ғабит Әбдімәжитұлы сапасына қатты сынға алды. Сондай-ақ халық игілігі үшін жұмысты тиянақты әрі әділ істеу керектігін баса айтты.
Жауапты мердігер басшысы қателікті тез арада ретке келтіретінін жеткізді.

Айта кетсек, мұнда 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Корпуста 200 орындық асхана мен АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс.

Қала әкімі жауаптыларға ғимараттар құрылысын жобаға сай жүргізіп, нысандарды өндірістік кестеге сәйкес қолданысқа беруді тапсырды.