ШЫМКЕНТ: қала әкімі мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлерін құттықтады

0
260

Шымкенттік үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлерін құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен мерекелік шараға қатысты.

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында сөз сөйлеп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Қала әкімі мегаполисте жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасының артуына үлес қосып жүрген әрбір қызметкерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру - мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды.
Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық және қаржылық қамтамасыз етудің аса маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттің сенімді тірегі болып табылады. Қызметкерлердің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі қаламыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді - деді Ғ. Сыздықбеков.
Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.
Бөлісу