ШЫМКЕНТ: қала әкімі Тассайдағы табиғи газ жүйесін тарту жұмыстарымен танысты

0
427

Табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары 2021 жылдың соңында басталған.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі Тассайдағы табиғи газ жүйесін тарту жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тассай шағын ауданында жүргізіліп жатқан табиғи газ жүйесінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы мердігерге жұмысты жандандыру ғана емес, сапалы жүргізуді міндеттеді. Егер талаптары орындалмаса, тиісті мамандарға мердігерді жауапқа тартуды ескертті. Өйткені жергілікті тұрғындар орындаушылардың жауапсыздығынан зиян шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ көгілдір отынның берілу мерзімі жайында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Тассай шағын ауданындағы табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары 2021 жылдың соңында басталды. Бүгінге дейін мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС жұмыс көлемінің 84 пайызын орындаған.
Газ тарату жүйесінің қуаттылығы – 12.5 м3/сағ, ал ұзындығы 68,8 шақырымды құрайды. Нысан келесі жылдың 1-тоқсанында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 3 345 абонент көгілдір отынмен қамтылады.