ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «Жалын-2» жекеменшік мектебіне барды

0
823

500 орындық мектеп Жолдасбеков көшесінде бой көтеруде.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «Жалын-2» жекеменшік мектебіне барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру нысандарының құрылыс барысын аралап көруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін шаhар басшысы Еңбекші ауданында орналасқан «Жалын-2» жекеменшік мектеп құрылысының алаңына барды.
500 орындық мектеп Жолдасбеков көшесінде бой көтеруде. Құрылысы өткен жылы басталған білім мекемесі осы жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Білім мекемесіне әр оқушы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді.

Сонымен бірге салалық жетекшілерге балалардың сапалы білім алу үшін барлық талаптардың орындалуына және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарында қолдау көсетуді тапсырды.