ШЫМКЕНТ: қала әкімі жеке қабылдауына жазылған барлық тұрғынның мәселесін тыңдады

0
327

400-дей тұрғын арыз-шағымын айтты.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі жеке қабылдауына жазылған барлық тұрғынның мәселесін тыңдады

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.

Қала басшысы халықпен ашық байланыс орнату мақсатында барлық тұрғынның мәселесін тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.
Қабылдау барысында әкім мәселенің бәрі заң шеңберінде шешілетінін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, кезек күттірмейтін мәселелер басты назарында болатынын жеткізді.

Сондай-ақ қабылдауда әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары 400-дей тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиімді шешу жолдарын түсіндірді.