Қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.
Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданына барып, «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты қазандықтардың жай-күйін тексеріп, мамандарға жылыту температурасын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Тұран-2»-дегі 2 қазандыққа соңғы үлгідегі 5 дана «FS-DG-W-4000» және 5 дана «FS-DG-W-5000» маркалы құрылғылар орнатылған. Әрбірінің қуаттылығы сағатына 3,44Гкал/4,3Гкал. Қазіргі таңда 65 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылып отыр.
Жылу саласына жауапты мамандармен пікір алмасып, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған М.Әйтенов бүгін түнде ауа рауының күрт суытуы күтілуіне байланысты қазандықтардың жылыту температурасын көтеруді, жылуды үздіксіз беруді нықтап тапсырды. Қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.