Ол өз кінәсін мойындады.
Шымкент қаласының білім басқармасынан тағы бір лауазымды тұлға пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы әшкереленді. Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындады”, - делінген жазбада.
Айта кетейік, тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды.