ШЫМКЕНТ: Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бірқатар мәселелер талқыланды

0
996

Ерлан Айтаханов қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың жұмысына оң баға берді.


ШЫМКЕНТ: Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бірқатар мәселелер талқыланды

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу алтыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев және қалалық мәслихат депутаттары қатысқан сессияның күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланып, мәслихаттың тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі талқыланған басқармалардың есебі депутаттар тарапынан қолдау тапты.


Одан бөлек, жиында қала әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің, Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілді.


Сондай-ақ, сессияның күн тәртібінде Шымкент қаласы мәслихатының 21-округінен сайланған депутаттың денсаулығына байланысты өз өкілеттігін өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралып, бір ауыздан қолданды.

Өз кезегінде, қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрақты комиссиялардың жұмысына оң баға бере келе, қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша маңызды жобалар қолға алынып отырғанын атап өтті.