Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің «Мегаполис» командасы жүлдегер атанды

0
2 281

Шымкенттің полицейлері тек қызметте ғана емес, түрлі байқауларда да өз біліктілігін танытып келеді.


Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің «Мегаполис» командасы жүлдегер атанды

4 - 5 қазан күндері Талдықорған қаласында өткен республикалық «Парасатты полицей» байқауында Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің «Мегаполис» командасы І орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық патриотизімді арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға және қызметкерлердің мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдауға бағытталған.