​«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» белсенді жұмыс атқарып жатыр

0
581

Бірлестік жанындағы «Татуласу орталығында» жыл басынан бері 91 адамға тегін кеңес берілді.


​«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» белсенді жұмыс атқарып жатыр

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тындырымды тірліктер атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл 12 наурызда Үкімет, Кәсіподақтар федерациясы және республикалық жұмыс берушілер конфедерациясы арасында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.
Бұл ретте Шымкент қаласында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы (құрамында – әкімдік, Кәсіподақтар бірлестігі және жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері бар) өз жұмысын бастады.
Осы жылы комиссияның 16 отырысы өтті. Онда күн тәртібіне кәсіподақтар тарапынан еңбек даулары, жалақы қарыздары және жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін көздейтін 15 мәселе енгізілді. Олардың басым бөлігі оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, қалада 1 505 мекеменің ұжымдық шарты тіркелді. Осы ретте 7 онлайн, 83 офлайн форматта кездесулер өтті. Кездесуге 1 425 кәсіподақ мүшелері қатысып, өздерін толғандырып жүрген 67 сұраққа жауап алды.
Бірлестік жанындағы «Татуласу орталығында» жыл басынан бері 91 адамға тегін кеңес берілді. Оның ішінде 35-і еңбек дауы, ал 35-і әлеуметтік мәселелер. Оң шешімін тапқандары – 54, бітімгершілікпен сәтті аяқталғаны – 19, құқықтық кеңес алғаны – 18, психологиялық көмек алғаны – 17. Келіп түскен даулар бойынша 62 келісім жасалды.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында «Заң клиникасы» ашылған. Онда кәсіподақ мүшелеріне тегін кешенді құқықтық көмек көрсетіледі. Бүгінге дейін 28 кәсіподақ мүшесі түрлі құқықтық көмек алды.