Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы онлайн режимде өтті

0
1 174

Күн тәртібіне сәйкес, қала әкімдігі жанынан құрылған бірнеше кеңестің дербес құрамы бекітілді.


Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы онлайн режимде өтті

Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы онлайн режимде өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев және де қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

Депутат Төреайым Сұлтанова төрайымдық еткен мәжілісте бес мәселе қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, қала әкімдігі жанынан құрылған бірнеше кеңестің дербес құрамы бекітілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі, инвесторлар кеңесі, «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесі, экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамы бекітілді.

Сонымен қатар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу мәселесі талқыланды.

Өзгерістер енгізу туралы қаралған барлық мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдады.