Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті

0
785

Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.


Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев пен мәслихат депутаттары және қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде тұрған төрт мәселе қаралды.

Бұған дейін комиссия отырысында кеңінен талқыланған барлық мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Сессия барысында сөз алған қала басшысы алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және халықтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.