Шымкент қаласында 140 отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасымен баспаналы болды

0
323

Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.


Шымкент қаласында 140 отбасы

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 140 отбасы арендалық баспанамен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 35 пәтер көпбалалы отбасыларға, 52 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 16, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 37 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.

Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу жоспарланып, биыл шілде айында 168 азамат арендалық пәтерге қол жеткізді.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істеп жүрген жастар 888 пәтер мен қамтылатын болады. Сонымен қатар 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1174 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді.
Сондай-ақ бұған дейін жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтер нарықтан сатып алынатындығы хабарланған болатын.
Айта кету керек, биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Алайда мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар.

Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданған еді. Аталған бағдарламаның биылғы конкурсына 150 лимит бөлінген. «Қамқор» бағдарламасының шартына сәйкес, қатысушы азамат 20 миллион теңгеге дейін 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен баспаналы бола алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 миллиард теңге бөлінгендігі хабарланған. Сондай-ақ аталған бағдарламаға қатысушылар өтінім берген еді.