Шымкент қаласында Әл-Фараби мен Абайға қойылатын ескерткіштердің жобасына байқау жарияланды

0
2 578

Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.


Шымкент қаласында Әл-Фараби мен Абайға қойылатын ескерткіштердің жобасына байқау жарияланды

Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарына байқау өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақтың ұлы ойшылдарының құрметіне ұйымдастырылып жатқан игі іс-шараның ережесі:

Нысандардың атаулары:

1. Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші;

2. Абай Құнанбайұлы ескерткіші.

Нысандардың орналасатын жері:

1. Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші – Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратының артындағы саябақтың аумағына.

2. Абай Құнанбайұлы ескерткіші – Абай саябағының кіре беріс аумағына.

1. Байқауды ұйымдастырушы

- Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2. Байқаудың мақсаты

- Байқауға ұсынылған жобалардан ең үздігін таңдап алып, іске асыру.

3. Шымкент қаласында қойылуы жоспарланған байқауға ұсынылған ескерткіш-кешендер жобаларына қойылатын негізгі талаптар:

1. Қысқаша түсініктеме жазбасы;

2. Ситуациялық сызбасы немесе аэротүсірілімдегі орны;

3. Бас жоспар (М 1:1000);

4. Жобаның мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар;

- Қас беті және жанынан қарағандағы көрінісі;

- Түнгі жарықтандыру сызбасы немесе түнгі көрінісі (3D);

5. Компьютерлік кескіндемедегі жалпы көрінісі (3D) немесе макеті;

6. Қысқаша технико-экономикалық негіздемесі;

7. Жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы шарт.

4. Байқауды өткізу мерзімі

- Шымкент қаласында шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобалық ұсыныстарын қарау 2019 жылдың 10 желтоқсанда сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, №10 (Шымкент қаласының әкімдігі ғимараты) мекен жайында өтеді.

5. Байқауға қатысу тәртібі

- Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

- Осы байқауға қатысушылар байқау жарияланған күннен бастап 2019 жылдың 20 қарашасына дейін шарттың тармақтарына сәйкес жобаларды Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысыбасқармасына тапсыруы тиіс.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 11 ғимараты,

Байланыс телефоны: 8(7252)53-64-95 немесе a.tursyn@shymkent.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады.

6. Байқауға қатысты жұмыстарды талқылау

- Байқауға жіберілген жұмыстар сәулет және қала құрылысы саласындағы мамандардан және депутаттардан, қоғам қайраткерлерінен құрылған комиссия отырысында сарапқа салынады. Егер комиссия құрамындағы қандайда бір мүше байқауға сай жұмысын ұсынған жағдайда, өзінің жұмысына баға беруден шеттетіледі.

7. Жеңімпаздарды марапаттау

- Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы сыйлық қоры 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгені құрайды.

Аталған екі ескерткіш бойынша да 1 орынға – 500 000 теңге, 2 орынға – 200 000 теңге және 3 орынға – 100 000 теңгеден.