Шымкент қаласының әкімі Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

0
2 169

Шымкент қаласынан ауған соғысына 626 әскер аттанған.


Шымкент қаласының әкімі Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Ерлан Айтаханов Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Республикасынан шыққанына 30 жыл толуына орай қаладағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесу Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауынан қаза болғандарға байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды.

«Арада отыз жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Бүгінгі таңда өмірін оқ пен оттың арасында өткізген ауған соғысы ардагерлері Сіздерге мың алғыс», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар бүгінгі өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі жайында сөз қозғап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Айта кетейік, Шымкент қаласынан ауған соғысына 626 әскер аттанған. Оның 19-ы қаза тауып, біреуі іс-түссіз жоғалған. Қалған 606 әскер елге қайта оралған.