Шымкент қаласының әкімі дін өкілдерімен кездесті

0
1 368

Ерлан Айтахановқа бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хаты» табысталды.


Шымкент қаласының әкімі дін өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев және имам орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында алдағы келе жатқан «Құрбан айт» мерекесінің келуіне орай бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме қозғалып, қала басшысы өз сөзінде қазіргі уақыттағы дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі болған және көптің назарынан тыс қалғандәстүрлі дініміздің қазақы дәстүрімізге сай болу керектігін тілге тиек етті.

«Жастар арасында дәстүрлі дінімізді насихаттауда ел арасындағы белсенді де беделді қариялардың ықпалымен, ақыл-кеңесімен жеткізу мақсатында жиі басқосулар қажет. Үлкенді сыйлаған қазақ емеспіз бе, үлкендер насихат айтса жастар да мойын бұрары сөзсіз», – деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен қатар, қала басшысы дін өкілдеріне діни саладағы туындаған өзекті мәселелері жөнінде әрдайым қолдайтындығын жеткізді.

Ал, кездесу соңындақала әкіміне Отырар ауданында республика деңгейінде дін саласында ұйымдастырған іс-шарасы үшін ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хаты» табысталды.