Шымкент қаласының әкімі құрылыстағы автокөліктердің қаланы ластамауын қатаң тапсырды

0
993

Шымкент қаласының тазалығы жаңа тағайындалған әкімнің басты назарында.


Шымкент қаласының әкімі құрылыстағы автокөліктердің қаланы ластамауын қатаң тапсырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді.

Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс нысандарын қоршау керегін баса айтты.

Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс нысандарында жұмыс істеп жатқан барлық автокөліктер жуылып, үшінші мегаполистің тазалығын сақтауға қатаң тапсырма берді.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс өтті.

Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма- жоспар бекітіліп, бүгінде олармен тиісті жұмыстар басталып кетті.

Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін айтқан қала басшысы осы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік мол екенін айтып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Тапсырма-жоспарда салалық басқармаларға құрылыс және көлік инфрақұрылымы мен туристік инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және еріктілерді тарту бағытында медициналық пункттердің жұмысын ұйымдастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өрт қауіпсіздігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сонымен қатар, ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік-мәдени қоғаммен байланыс іс-шараларын өткізу бағыты бойынша нақты міндеттерді тапсырды.