Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге «Шымкент циркте» болып, ғимараттың қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Циркке жылына 90-100 мың көрермен келеді. Бүгінде шығармашылық ұжымның репертуар қорында 22 бағдарлама бар.
Қала әкімі сала басшыларына ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге кедергі болып отырған 3,1 гектар жер телімін пайдалану құқығына қатысты өзекті мәселелерді тез арада шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.