Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
3 662

ОЛ бұған дейін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.


Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Мұрат Серікбайұлы Базарқұлов тағайынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Серікбайұлы1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған. 2005-2009 жж - ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы. 2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.