​Шымкент қаласының соттары 2019 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді

0
874

Нұр-Сұлтанда өткен республика судьяларының Кеңейтілген кеңесінде Жоғарғы Соттың Төрағасы 2020 жылды «Сапалы коммуникация жылы» деп жариялады.


​Шымкент қаласының соттары 2019 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді

Шымкент қаласының соттары 2019 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңесті төраға Е.Рахымбеков ашып, Нұр-Сұлтанда өткен республика судьяларының Кеңейтілген кеңесінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов 2020 жылды «Сапалы коммуникация жылы» деп жариялағанын, соған байланысты қоғаммен тиімді кері байланыс құру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Кеңесте Жоғарғы Соттың судьясы Ө.Ибраев сөз алып:

«Жоғарғы Сотта өткен Кеңесте Шымкент қалалық сотына қатысты сын айтылған жоқ. Дегенмен, азаматтық және қылмыстық сот алқаларының төрағалары мен төраға Е.Рахымбековтың бүгінгі сөйлеген сөздерінде қала соттарының жұмысында кейбір кемшіліктер орын алған. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермей, сот актілерінің сапасын көтеріп және Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов жариялаған коммуникация жылында қоғаммен байланысты күшейту бағытында бірқатар іс-шаралар атқару қажет. Бүгін қалалық соттың жұмысымен танысу барысында фронт-кеңсе мен ақпараттық орталығының жүйелі түрде жұмыс істеп жатқанын байқадым» – деді.
Жиында, Е.Рахымбеков былтырғы көрсеткіштердің динамикасын талдап, дауларды баламалы тәсілдермен шешудің оң нәтиже бергеніне тоқталып: «2018 жылы 130 іс бойынша бітімгершілік, 973 іс медиациялық және 85 іс партисипативтік келісім бекітілген. Ал, 2019 жылы бұл көрсеткіш 589 іске өсіп, 289 іс бітімгершілік, 1448 іс медиациялық және 42 іс партисипативтік келісіммен аяқталған. Яғни, дауларды медиация тәртібімен шешу былтыр 67 пайызға артты» – деді.

Кеңесті қорытындылай келе, төраға Ербол Мұқажанұлы судьяларға сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсартуды және жемқорлыққа жол бермеуді қатаң тапсырды.