Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов ауданда құрылған мобильді топпен бірге аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды.
Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.
Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.