ШЫМКЕНТ: Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60%-ға жетеді

0
855

Қазіргі таңда қаланың 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60%-ға жетеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің инстаграм парақшасында биылғы жұмыстар нәтижесінде, Шымкентті кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші қазіргі 54 пайыздан 60 пайызға жететінін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындарға сапалы өмір сүруі ортасын қалыптастыру үшін, алдымен инфрақұрылым мәселесін шешу жұмыстарын жалғастыра беру керектігін білдірген.
«Қаланың 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Көрсеткішті жоғарылату мақсатында өткен жылы үш жобаның құрылысы аяқталған. Атап айтқанда, «Тұран» шағынауданындағы кәріз сорғы станциясы және «Самал-1», «Наурыз» шағын аудандарындағы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталып, ондағы көп қабатты тұрғын үйлер жүйеге қосылған. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3 пайыздан - 54 пайызға өскен" - деді қала әкімі.
Бұл көрсеткіш биылғы 3 магистралды және 7 елді мекеннің ішкі жүйелерін тарту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 60 пайызға жетпек.