ШЫМКЕНТ: Кәсіподақ ұйымдарына семинар өтті

0
2 172

Шымкентте "28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні" аясында кәсіподақ ұйымдарына семинар ұйымдастырылып, Наурыз мерекесін аталып өтілді.


ШЫМКЕНТ: Кәсіподақ ұйымдарына семинар өтті

Бүгін Шымкентте "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі "28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне" арналған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған семинарға ұстаздары, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ ұйымының төрағалары, жас мамандар қатысты.

Семинар мақсаты еңбек қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу, еңбек құқығын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту болып табылады.

"Бұл жерде негізгі мәселелердің бірі кәсіпорындарда, мекемелерде еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі бүгінгі таңда өткір болып отыр. Жұмыс істеп жүрген азаматтар өкінішке орай еңбек қауіпсіздігін сақтамай, ережесін сақтамай келеңсіз оқиғаларға душар болуда. Жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі еңбек Кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбек етушіге барлық жағдай жасалу тиіс, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі сақтау тиіс" - деді Берік Бекжанов Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасы.

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тарапынан барлығы 78 тексеру жүргізілген болатын, Нәтижесінде 67 заңбұзушылық анықталып 53 жойылған. Бүгінде 32 заңбұзған мекемелерге нұсқама берілді. Содай-ақ еңбек заңнамасын сақтамаған бойынша 19 әкімшілік айыппұл салынып, оның 12 әкімішлік айыппұл өндіріліп отыр.

Қәсіпордақ федерациясы мен Жоғарғы Сот арасындағы меморандум негізінде даудамайды сотқа дейін жеткізбей шешу мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» жанынан "Татуластыру орталығы" жұмыс жасауда.

Іс-шара барысында «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күні" аясында қәсіподақ ұйымдарының белсенділері мен осы салада елеулі еңбек еткен азаматтар ескеріліп, марапатталып, кеуделеріне төс белгі тағылды.


Сондай-ақ, аталған мереке аясында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін аталып өтілді, Мерекелік кеште киіз үйлер тілігіп, алтыбақандар орнатылды, Жастарға арналған спаорттық ойындар ұйымдастырылса, қала қонақтары мен тұрғындарына мерекелік концерт өткізлді.