ШЫМКЕНТ: Халықтар достығы университетінде жолдауды насихаттау бойынша жиын өтті

0
602

Аталған жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.


ШЫМКЕНТ: Халықтар достығы университетінде жолдауды насихаттау бойынша жиын өтті

Шымкенттегі Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және насихаттау бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Бердіқұл Садықов Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімеледі. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ден қойып, өз ісінің білгір маманы болудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысының әр Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жөнінде айтылып келеді. Жастар қандай білім алса да, қандай кәсіп бастаса да мемлекет тарапынан қолдау барын сезінуі тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жас буын жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз, – деді Б.Садықов.

Кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық. Осы тақырып аясында студенттер өзара пікір алмасты.

Сонымен қоса, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру және түсіндіру бойынша «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Қаратау ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ғимаратында болған жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Тұрниязұлы, Шымкент қаласының құрметті депутаты Хайрулла Сәрсенов, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай және студенттер қатысты.

Күн тәртібінде талқыланатын мәселе бойынша спикерлер «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, зиянды нәрседен аулақ болуға шақырды.